Цветовая схема: C C C C
Размер шрифта: A A A
Изображения:
Регистрация

Новости

Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді

Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді Финалдық ойынға жолдама алған командалар журналистермен кездесу өткізді

29 Ноября 2018 01:11

Количество просмотров: 56

Бүгін 29 қараша ҰСЛ-ның финалдық кезеңінің ең маңызды және шешуші ойыны. Ақтық мәреге жолдама алған екі команда да бір-біріне лайықты қарсыластар. Қызық әрі тартысқа толы ойын боларына еш күмән жоқ.

Дәл қазір қос команда бапкерімен және ойыншыларымен кездесу өтті.
Журналистер қауымы бүгінгі ойын туралы өз ойларымен бөлісіп, екі командаға әртүрлі сұрақтар қойды.

Каспий университетінің команда капитаны Алишер Есимханов өз сөзінде бұл ойынға өте жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.

"Қарсылас осал емес, сол себепті бар күш жігерімізді саламыз", - деді ол.

Каспий университетінің жаттықтырушысы Марат Жунисбеков:

"Біз NSL-ға биыл 4-ші жыл қатысып отырмыз. Жинаған тәжірибеміз де жетерлік. Мен өз командамның қарымын жақсы білемін. Сол себепті жеңіске жететінімізге сенімім мол",- деп өз ойын түйіндеді.

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ командасының жаттықтырушысы Асылбек Сарсенов:

"Біздің бұл ойыннан күтеріміз көп. Ойыншыларымыз да, біраз терін төгіп бұл күнді асыға күтті. Қарсыластарымызға сəттілік серігі болсын деп тілесем, өзімізге жеңіс тілеймін",- деді өз кезегінде.

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ командасының ойыншысы Ербол Жұмаханов бұл ойынның екі жаққа да, оңай еместігін атап өтті.

Бұл жиында қарсыластардың оңай шағылар жаңғақ еместігі байқалды. Қай команданың жеңіс тұғырына көтерілерін ойын көрсетеді.

калькулятор зарплаты для Казахстана