Цветовая схема: C C C C
Размер шрифта: A A A
Изображения:
Регистрация

Новости

Құлбарақов Нұрсұлтан: "Біздің құрам биыл жаңа ойыншылармен толықты"

21 Ноября 2018 11:11

Количество просмотров: 146

IT Legion құрамасының жаттықтырушысы Құлбарақов Нұрсұлтан Игілікұлымен сұхбат.
Бүгінгі кейіпкер NSL ойыншыларға қандай пайда беретінін, алдағы чемпионаттан не күтетінін айтты. Сондай-ақ, жеңімпаз атанудың құпиясымен бөлісті.

- Ұлттық студенттер лигасы 2014 жылы құрылды. Аз уақыт ішінде бұл ұйым мұндай жоғарғы деңгейге қалай жетті?

- Ұлттық студенттер лигасының мұндай жоғарғы деңгейге көтерілуіне ұйым президенті, IT университетінің ректоры Дамир Абдухалиұлы Шыныбеков мырза үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан айтарлықтай қолдау болғандықтан, қазіргі таңда біз осындай биік белестерді бағындырып жатырмыз. Менің ойымша қазіргі қоғамда азулы, жоғарғы дәрежедегі демеушілерді табудың өзі үлкен еңбек.

- NSL ойыншыларға қандай пайда береді?

- Біздің құрамада тек IT студенттері ойнайды. Әрбір ойыншыға университетте тегін білім алу қарастырылған. Спортшылар оқу орнымыздың атын шығарып, жетістіктерге жетіп жатқаны үшін университет тарапынан да үлкен құрмет, қошеметке ие. Бір жағынан жоғарғы білім алса, екнші жағынан спорт саласында да өз іздерін қалдырып жатыр.

- Танымал футбол командаларынан спортшыларға ұсыныстар жиі түсе ме?

- Иә, біздің ойыншылар Қазақстан чемпионаты құрамасында ойнап жүр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Сондай-ақ, біздің құрамадағы мықты спротшыларға басқа командалардан да сұраныстар түсіп жатады. Алайда, біз өз споршыларымызды құрамнан босатқымыз келмейді. Сапалы ойыншы әр уақытта керек.

- Чемпионат не ойын алдында ойыншыларға қалай рух бересіз, жеңімпаз атанудың құпиясы неде?

- Әрбір қазақ жігітінің өзіндік рухы болады. Сол рух оларды үнемі алға жетелейді. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Ең маңыздысы жеңіске деген сенім. Барлық жеңіс еңбектің арқасында келеді.

- IT Legion құрамасының ұстанымы қандай?

- Ұстанымымыз – ЖЕҢІС!

- Сіз үшін NSL бұл...

- Мен үшін NSL – жеңіске бастар жол!

- Алдағы чемпионатта бастапқы құрамда қандай спортшылар ойнайды?

Біздің құрам биыл жаңа ойыншылармен толықты. Өз шеберліктерін көрсетіп, танылып жүрген спортшылар жетерлік. Жалпы командада 14 ойыншы бар. Аладағы чемпионатқа осы құрам түгел қатысады.

- 22-ші қарашада басталатын Ұлттық студенттер лигасынан не күтесіз?

- Сәттілік...Тартысты ойын...Тек қана ЖЕҢІС!



Мақалы авторы:Дидар Əбдірəсіл, Дана Нұрболқызы

калькулятор зарплаты для Казахстана